«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 нысанды есепті, «Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 және «Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка» № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттарын, сонымен қатар оларды толтыру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 29 маусымдағы № 78, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 378 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 438 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7831 санымен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Ішкі іcтер министрі
______________ А. Дауылбаев ______________ Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________ Т. Дүйсенова