"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидасын және Шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі нұсқаулықты бекіту тура

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 991 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидасын және Шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 523 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8789 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 1 ақпандағы № 22 (28246) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов) белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С.Сайынов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                           Қ. Қасымов