Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 14188 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 8853 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 638 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен А-2 «Қорғас – Алматы – Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолының «Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы» учаскесін реконструкциялау жобасы бойынша мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 27520400 (жиырма жеті миллион бес жүз жиырма мың төрт жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов