Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2012 жылғы 18 мамырдағы № 2 Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдері Іс-шаралар жоспарын мүлтіксіз және уақтылы орындауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығына жүктелсін.
      5. Іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаевқа жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік хатшысы                        М. Құл-Мұхаммед

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік хатшысының  
2012 жылғы 18 мамырдағы 
№ 2 өкімімен      
БЕКІТІЛГЕН       

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген
тапсырмаларын іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Аяқталу нысаны

Орындау үшін жауаптылар

Орындауға бақылау

1

2

3

4

5

6

1. Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі нығайту және дамыту

1.

ҚХА-ның XIX сессиясындағы Мемлекет басшысы сөзінде белгіленген қағидаттарды ескере отырып ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі стратегиясын пысықтау және қабылдау

2012 жылдың соңына дейін

Жарлық жобасы

ҚХАХ, МАМ

ҚХАХ

2.

Астана және Алматы қалалары, облыстар ҚХА хатшылықтары меңгерушілерін тәжірибелі және беделді мамандардан жасақтау

2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін

ҚР ПӘ есеп

Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері ҚХАХ

ҚХАХ

3.

Астана және Алматы қалалары, облыстар ҚХА хатшылықтары жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау

2012 жылғы 1 қарашаға дейін

ҚР ПӘ есеп

Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері ҚХАХ

ҚХАХ

4.

Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының бейбітшілік, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша партияаралық ынтымақтастық тәжірибесін облыстық мәслихаттар деңгейінде тарату

2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін

ҚР ПӘ есеп

ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппараты, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, Астана және Алматы қалалары, облыстар мәслихаттары хатшылары, ҚХАХ

ҚХАХ

5.

Жоғары оқу орындарының, ұлттық компаниялардың және кәсіпорындардың ірі ұжымдарында, оның ішінде республиканың қалалары мен аудандарында ҚХА-ның жаңа жұмыс нысандары тәжірибеге енгізу

2012 жылғы 1 қазанға дейін

ҚР ПӘ ұсыныс

БҒМ, ЭДСМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҚХАХ

ҚХАХ

6.

Этносаралық және конфессияаралық саланы зерттеу орталығының штатын кеңейтіп, ресурстық және кадрлық әлеуетін күшейту, оны зерттеу жүргізуге арналған тапсырыстармен қамтамасыз ету

2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін

ҚР ПӘ есеп

МҚІА, БҒМ, МАМ, ЕХӘҚ, ІІМ, ҚХАХ

ҚХАХ

7.

Мемлекеттік этносаясатты іске асыру және Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастарды реттеу жөніндегі тренингтер өткізуді жалғастыру

2012 - 2013 жылдар ішінде

ҚР ПӘ есеп

МҚІА, ҚХАХ Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері

ҚХАХ

8.

30 жылдардың басындағы жаппай ашаршылықтың 80 жылдығына және жаппай саяси қуғын-сүргіндердің 75-жылдығына арналған шараларға ҚХА-ның қатысуын қамтамасыз ету

2012 жылғы 1 шілдеге дейін

ҚР ПӘ ессп

ҚХАХ, МАМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері

ҚХАХ

9.

Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін Еуропаның (Чехия, Словакия, Швецария, Германия) жетекші университеттерінің оқу бағдарламалары арқылы халықаралық деңгейде кеңінен таратуға қолдау көрсету

2013 жылғы 1 сәуірге дейін

ҚР ПӘ есеп

СІМ, БҒМ, МАМ, ҚХАХ

ҚХАХ

10.

Кітапхана қоры мен ҚХА-ның депозитарийіне кең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының электрондық порталын қолдау жөнінде шаралар қабылдау

2012 жылдың соңына дейін

ҚР ПӘ есеп

ПМК, МАМ, ҚХАХ

ҚХАХ

11.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы орталық базасында Орталық Азиядағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу халықаралық орталығын құру мүмкіндігін зерделеу

2013 жылғы 1 ақпанға дейін

ҚР ПӘ есеп

ПМК, МҚІА, ҚХАХ

ҚХАХ

12.

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу (Малайзия тәжірибесі үлгісінде)

2013 жылғы 1 ақпанға дейін

ҚР ПӘ ұсыныс

БҒМ

ІСБ

2. Әлеуметтік жаңғыру және жастар саясаты

13.

Жастарды күмәнді діни топтардың ықпалынан сақтайтын тиімді шаралар кешенін әзірлеу

2012 жылғы 1 қазанға дейін

ҚР ПӘ ұсыныс

ДІА, БҒМ, МАМ, ҰҚК, БП, ІІМ

ІСБ

14.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге ҚХА-ны тартуды және жергілікті жерлердегі өзара іс-қимылдың этносаралық және дінаралық барлық аспектілерін есепке алуды қамтамасыз ету

2012 жылғы 1 шілдеге дейін

ҚР ПӘ есеп

ПМК, ЭДСМ, ҚХАХ

ҚХАХ

15.

Базалық кәсіпорындар тізбесін айқындап және жұмысшы мамандарды әзірлеудің екіжақты үлгісін біртіндеп енгізудің жоспарын әзірлеу

2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін

ҚР ПӘ есеп

ПМК, БҒМ, ИЖТМ, ЕХӘҚМ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ӘЭМБ

16.

Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын Мемлекет басшысының қарауына енгізу

2012 жылғы 1 қарашаға дейін

Тұжырымдама жобасы

ПМК, БҒМ, ММА, ЭДСМ, ӘдМ, ЕХӘҚМ, ҚМ, ИЖТМ, АШМ, ДСМ, ҚТКШІА, СДША, ДІА, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, "Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша)

ІСБ, ӘЭМБ, СӘТО

17.

Мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі заңнаманы жаңарту

2013 жылғы 1 қаңтарға дейін

ҚР ПӘ есеп

ПМК, БҒМ, ИЖТМ, ЕХӘКМ, ДСМ, АШМ

ІСБ, ӘЭМБ

18.

БҒМ құрылымында Жастар саясаты жөніндегі комитет, ал өңірлерде - тиісті басқармалар құру

2012 жылғы 1 шілдеге дейін

комитет және басқармаларды құру туралы есеп

ПМК, БҒМ, ЭДСМ, ҚМ, ӘдМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері

ІСБ, ӘЭМБ, МБАҰЖБ

19.

Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің жастар ісі жөніндегі өңірлік кеңестерге өзінің төрағалық етуін қамтамасыз ету

2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін

ҚР ПӘ есеп

Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері

МБАҰЖБ, ІСБ

20.

Жастар үшін әлеуметтік көтергіштер қалыптастыратын заңнамалық және әлеуметтік экономикалық шаралардың жүйелі пакетін дайындау

2012 жылғы 1 қарашаға дейін

ҚР ПӘ есеп

ПМК

ІСБ

21.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы мәселені пысықтау

2012 жылғы 1 шілдеге дейін

ҚР ПӘ ұсыныс

ПМК

ІСБ

22.

«Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі іс-қимыл стратегиясын әзірлеу және бекіту

2012 жылғы 1 қарашаға дейін

ҚР ПӘ ақпарат

"Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша)

ІСБ

23.

«Халықтық ІРО» бағдарламасын түсіндіруге, тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға белсенді қатысу

2012 жылдың соңына дейін

ҚР ПӘ есеп

ҚХАХ, ҚМ, ЭДСМ, МАМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері

ҚХАХ

24.

Индустрияландыру бағдарламасы мен экономиканы жаңғыртуды іске асыру аясында жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілік пен әділеттілік қағидаттарын сақтауына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету

2012 жылдың соңына дейін

ҚР ПӘ есеп

"Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша)

ҚХАХ

25.

Жұмысқа орналасу және оқу орындарына түсу кезінде туыстық, жершілдік және жеке адалдық, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерімен күресті күшейту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды қамтамасыз ету

2012 жылдың соңына дейін

ҚР ПӘ баяндама

ПМК, МҚІА, БҒМ, ЕХӘҚМ, ЭҚСЖҚКА

ҚҚЖБ

26.

Спорттық объектілер мен ғимараттардың, сондай-ақ білім беру мекемелерінде спорттық кешендердің азаматтар үшін кешкі уақытта және демалыс күндері қолжетімді болуын қамтамасыз ету

2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін

ҚР ПӘ ақпарат

СДША, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері

ІСБ

27.

Әзірленіп жатқан «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясынада келесі шарттарды: жалдау ақысын тұрғын үй құнына қосуды, төлем қабілеттілігін, жастарға басымдық беруді ескере отырып жалға алу арқылы кейіннен құнын төлеп сатып алудың ашық тетіктерін қарастыру

2012 жылғы маусым

ҚР ПӘ ақпарат

ҚТКШ, ЭДСМ, ҚМ, ЕХӘҚ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

ӘЭМБ, МБАҰЖБ

28.

«Болашақ бүгіннен басталады!» акциясы аясында жастардың Мемлекет басшысымен кездесуін қамтамасыз ету

2013 жылғы 1 сәуірге дейін

Кездесулер өткізу туралы есеп

МАМ, БҒМ, Қазақстанның Азаматтық альянс (келісім бойынша)

ІСБ, ҚХАХ

29.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларының, депутаттардың жастар, әсіресе студенттер алдында жүйелі түрде сөз сөйлеуін ұйымдастыру

2013 жылғы 1 сәуірге дейін

ҚР ПӘ есеп

ПМК, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің аппараттары, БҒМ, Астана және Алматы қалалары әкімдері

ІСБ, МБАҰЖБ

30.

Президенттің - ҚХА Төрағасының XIX сессияда берген тапсырмаларының орындалуына қоғамдық бақылау орнату

2013 жылғы 1 сәуірге дейін

ҚХАХ Кеңесіне есеп

ҚХАХ, "Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша)

ҚХАХ

      Ескертпелер: Аббревиатуралардың таратылып жазылуы:

      «Нұр Отан» ХДП - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ӘдМ - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ӘЭМБ — Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      ДІА - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
      ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      ҚҚЖБ - Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімі
      ҚМ - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҚР ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
      ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      ҚХА - Қазақстан халқы Ассамблеясы
      ҚХАХ - Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      МБАҰЖБ - Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі
      МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
      СӘТО - Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы
      СДША - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігі
      СІМ -Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      ІСБ - Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      ЭҚСЖҚКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)