"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы 21 қыркүйек 1994 ж. N 157-XIII

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z947000_ жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне Қазақстан

Республикасының заң құжаттарын "Қазақстан Республикасындағы көлiк
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру туралы
ұсыныстар табыс ететiн болсын;
     - Қазақстан Республикасының көлiк кодекстерiн әзiрлеп, 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн;
     - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Заңға
сәйкестендiрсiн.
       Қазақстан Республикасы 
     Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы