"Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы 1993 жылғы 18 қазан. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1998.11.20. N 305 Заңымен. ~Z980305


      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z933100_ жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - Үкiметтiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасындағы

аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңына
сәйкестендiретiн болсын;
     - Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен 
ведомстволарының осы Заңға қайшы келетiн қалыпты құжаттарын
қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
     - "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуы үшiн қажеттi қалыпты
құжаттар қабылдасын.

      Қазақстан Республикасы 
    Жоғарғы Кеңесiнiң төрағасы