Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Парламентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 19-VII ҚРП Қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Парламентінің 1996 жылғы 20 мамырдағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне Қазақстан Республикасы Парламентінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламенті бойынша бірлескен комиссиясы ұсынған өзгерістер мен толықтырулар қабылдансын.

      2. Осы Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
Е. ҚОШАНОВ

  Қазақстан Республикасы
Парламентінің
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 19-VII ҚРП Қаулысымен
қабылданған

Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар

      1) 8-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республика Президенті қараудың басымдығын айқындаған заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Парламент Мәжілісінде көрсетілген заң жобаларын қарау мерзімі күнтізбелік қырық күннен аспауға тиіс.";

      2) 9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Саяси партиялар фракцияларының басшыларына, ал олар болмаған жағдайда не олардың уәкілеттік беруі бойынша саяси партиялар фракцияларының өкілдеріне талқыланатын мәселе бойынша фракцияның ұстанымын баяндау үшін сөз сөйлеу құқығына кепілдік беріледі және қажет болған кезде бес минут шегінде қосымша уақыт беріледі.";

      3) 12-тармақтың екінші бөлігіндегі "Мемлекеттiк хатшы" деген сөздер "Мемлекеттiк кеңесші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 18-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-тармақ. Парламенттiң актiлерi, егер Республика Конституциясында өзгеше көзделмесе, әрбір Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      5) 19-тармақтағы "Республика Конституциясына" деген сөздер "Егер Республика Конституциясында өзгеше көзделмесе, Республика Конституциясына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 21-тармақтың бесінші бөлігі "және Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми сайтында жарияланады" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тараулармен толықтырылсын:

      "4-1-тарау. Конституциялық заңдарды қабылдау

      32-2-тармақ. Парламент конституциялық заңдарды Палаталардың бірлескен отырысында қабылдайды.

      32-3-тармақ. Конституциялық заңдардың жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.

      32-4-тармақ. Мәжіліс конституциялық заңның жобасын қарауға қабылдайды және екі күннен аспайтын мерзімде Сенатқа жұмыс істеу үшін жіберіледі.

      Бұл ретте, Мәжіліс Аппараты конституциялық заңның жобасын Мәжіліс Регламентіне сәйкес оларға берілетін қосымшаларымен бірге бастамашының редакциясында Сенат Аппаратына жібереді.

      32-5-тармақ. Палаталардың әрқайсысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өткізілгенге дейін өз отырысында бірлескен комиссияның құрамына кандидатураларды және Палатадан қосымша баяндама жасаушыны айқындайды.

      32-6-тармақ. Мәжіліс Төрағасы конституциялық заңның жобасын бірінші оқылымда қарау үшін Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырады, онда баяндама жасау үшін конституциялық заң жобасының бастамашысына немесе оның өкіліне, Палаталардан қосымша баяндама жасаушыларға, содан кейін депутаттарға белгіленген кезектілік тәртібімен сөз береді.

      Бірінші оқылымда конституциялық заңның жобасы тұжырымдамалық жағынан талқыланады.

      Парламент талқылау нәтижесі бойынша енгізілген конституциялық заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдау және оны екінші оқылымға дайындау немесе оны қабылдамау туралы қаулы қабылдайды.

      Шешім дауыс беру арқылы әрбір Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады.

      32-7-тармақ. Қажет болған кезде конституциялық заңның жобасын екінші оқылымға дайындау үшін осы Регламентте көзделген тәртіппен бірлескен комиссия құрылады, оның төрағасы сайланады, сондай-ақ оның жұмыс істеу мерзімдері айқындалады.

      Бірлескен комиссия мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми мекемелердің өкілдерін, сондай-ақ мамандар мен ғалымдарды тарта отырып (қажет болған кезде), конституциялық заңның жобасы бойынша Парламент Палаталарының тұрақты комитеттері мен депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын қарайды және қорытады.

      32-8-тармақ. Конституциялық заңның жобасын екінші оқылымда қарау кезінде бірлескен комиссия құрылған жағдайда, оның төрағасы бірлескен комиссияның ұсыныстарымен сөз сөйлейді. Парламент Палаталарының депутаттары мен комитеттері бірлескен комиссияға жазбаша түрде енгізген ескертулер мен ұсыныстар ғана талқылауға жатады.

      Бірлескен комиссия ұсынысын қабылдамаған Парламент Палатасының депутаты не комитеті өз ұсынысын дауысқа қоюды өтініп, Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеуге құқылы.

      32-9-тармақ. Парламент соңғы оқылымда дауыс беру қорытындысы бойынша әрбір Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен конституциялық заңды қабылдайды не оны қабылдамайды.

      32-10-тармақ. Қабылданған конституциялық заңды Сенат күнтізбелік он күн ішінде Республика Президентінің қол қоюына ұсынады.

      4-2-тарау. Үкіметтің заң жобаларын дереу қарау

      32-11-тармақ. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобасын Мәжіліс қарауға қабылдайды. Мәжіліс Төрағасы заң жобасы қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырады.

      32-12-тармақ. Мәжіліс Төрағасы бірлескен отырыста заң жобасының бастамашысына немесе оның өкіліне, содан кейін депутаттарға сұрақтар, сондай-ақ жарыссөзде сөйлеу үшін белгіленген кезектілік тәртібімен сөз береді.

      32-13-тармақ. Қажет болған жағдайда, осы Регламентте көзделген тәртіппен бірлескен комиссия құрылуы мүмкін.

      32-14-тармақ. Заң жобасы әрбір Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Конституциялық заңның жобасы әрбір Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады. Конституциялық заңдардың жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.

      Егер дауыс беру арқылы белгіленген дауыс саны жиналмаса, заң жобасы немесе конституциялық заңның жобасы қабылданбады деп есептеледі.

      4-3-тарау. Республика Президентінің конституциялық заңдар бойынша қарсылықтарын Республика Парламентінің қарауы

      32-15-тармақ. Республика Президентінің қарсылықтарын туғызған конституциялық заңдар немесе конституциялық заңның баптары бойынша қайта талқылау мен дауысқа салуды Парламент қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде Палаталардың бірлескен отырысында жүргізеді.

      Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді.

      32-16-тармақ. Мәжіліс Төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырады, онда Президенттің өкіліне, содан кейін әрбір Палатаның депутаттарына кезектілік тәртібімен сөз беріледі.

      32-17-тармақ. Қарсылықтарды қарау барысында Республика Президенті депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, конституциялық заңның тұтастай не оның тиісті жекелеген баптарының өзі қарсылықтарда ұсынған редакциясын өзгертуге құқылы.

      32-18-тармақ. Егер Парламент әрбір Палата депутаттары жалпы санының төрттен үшінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылықтары еңсерілмесе, конституциялық заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.";

      8) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Үкiмет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерiн бекiту тәртібі";

      9) 39-тармақтағы "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы" деген сөздер "Жоғары аудиторлық палатаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 40-тармақтағы "Есеп комитетi" деген сөздер "Жоғары аудиторлық палата" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

      "6-1-тарау. Премьер-Министрдің баяндамасын Парламенттің тыңдауы

      43-1-тармақ. Премьер-Министр Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Үкімет қызметінің негізгі бағыттары және оның аса маңызды барлық шешімдері туралы Парламентке баяндап отырады. Депутаттар сұрақтар қоюға және жарыссөзде сөйлеуге құқылы.

      Премьер-Министрдің баяндамасын тыңдау қорытындысы бойынша Парламент баяндаманы назарға алу туралы қаулы қабылдайды.";

      12) 8-тарау алып тасталсын;

      13) 14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Конституциялық Соттың жыл сайынғы жолдауларын тыңдау";

      14) 68-тармақ алып тасталсын;

      15) 69-тармақтағы "Республика Конституциялық Кеңесiнiң" деген сөздер "Конституциялық Соттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 14-1-тарау алып тасталсын;

      17) 71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71-тармақ. Мәжіліс қарауға қабылдаған заң жобасы Мәжіліс Регламентіне сәйкес қаралады.

      Мәжіліс қарауға қабылдаған заң жобасының мәтіні танысу үшін Сенат депутаттарына күнтізбелік екі күн ішінде жіберіледі.";

      18) 73-тармақ алып тасталсын;

      19) 74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-тармақ. Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған заң қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Сенатқа беріледі.

      Бұл ретте, Мәжіліс Сенатқа ілеспе хатпен мынадай материалдарды:

      1) Мәжілістің заңды қабылдау туралы қаулысын;

      2) Мәжіліс қабылдаған заңды;

      3) Мәжіліс отырысының стенограммасын;

      4) құқықтық нормалардың бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесін;

      5) заң жобасына Мәжіліс депутаттары енгізген және мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін түзетулер бойынша Үкіметтен алынған қорытындыларды жібереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде санамаланған материалдар қазақ және орыс тiлдерiнде қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.

      Халықаралық шартты ратификациялау немесе денонсациялау туралы Мәжіліс қабылдаған заңды жіберген кезде онымен бірге халықаралық шарттың және оған қосымшаның тиісті уәкілетті орган куәландырған көшірмесі ұсынылады.

      Қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі мәтініне қол қойылмаған халықаралық шартты ратификациялаған немесе денонсациялаған жағдайда, заңға тиісті уәкілетті орган куәландырған оның аталған тілдерге теңтүпнұсқалы аудармасы қоса беріледі.

      Қажеттi қосымшалар болмаған кезде Сенат Аппараты белгiленген талаптарды орындау үшiн құжаттарды тiркемей Мәжiлiске қайтарады.

      Мәжіліс қабылдаған заң, Парламент сессиялары аралығындағы уақытты есептемегенде, Сенат Аппаратында тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен асырмай Сенатта қаралады.

      Сенат Мәжіліс қабылдаған, келіп түскен заңды Сенаттың Регламентіне сәйкес қарайды.";

      20) мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын:

      "74-1-тармақ. Мәжіліс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай қабылдамауға құқылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.";

      21) 75 және 75-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "75-тармақ. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен мақұлданған заңды Сенат күнтізбелік он күн iшiнде Республика Президентінің қол қоюына ұсынады.

      75-1-тармақ. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң шешім қабылданған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде Мәжіліске қайтарылады.

      Бұл ретте, Сенат Мәжіліске ілеспе хатпен мынадай материалдарды:

      1) Сенаттың заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамау туралы қаулысын;

      2) заң тұтастай мақұлданбаған кезде уәжді қорытындыны;

      3) заңның жекелеген баптарының жаңа редакциясы ұсынылған жағдайда салыстырма кестені;

      4) Сенаттың жалпы отырысының стенограммасын жібереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде санамаланған материалдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

      Қайтарылған заң Мәжіліс Регламентіне сәйкес Мәжілісте қаралады.";

      22) мынадай мазмұндағы 75-2-тармақпен толықтырылсын:

      "75-2-тармақ. Егер Сенат Аппараты заңды тіркеген күннен бастап алпыс күн ішінде Сенат тиісті шешім қабылдамаса, Сенат заңды он күн ішінде Президенттің қол қоюына ұсынады.";

      23) 76-1, 76-2, 76-3 және 76-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "76-1-тармақ. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мәжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және Сенат он күн ішінде Президенттің қол қоюына ұсынады.

      76-2-тармақ. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай-ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған жағдайда, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.

      Туындаған келіспеушіліктерді еңсеру үшін Мәжіліс пен Сенат әрбір Палатадан саны тең депутаттардың қатысуымен келiсім комиссиясын құрады. Келiсім комиссиясының жұмысына заң шығару бастамасы құқығының субъектісі (ол уәкілеттік берген адам) кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.

      Палаталар келісім комиссиясының мүшелерін сайлауды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен дербес жүзеге асырады.

      Келiсім комиссиясының мүшелерi өз құрамынан комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен төраға сайлайды.

      Келісім комиссиясының төрағасын сайлауды Палата өкілінің алдыңғы отырыста төрағалық ету кезектілігін ескере отырып, комиссия мүшелері бірінші отырыста жүзеге асырады.

      Келісім комиссиясының мүшелері болып табылмайтын Парламент депутаттары кеңесшi дауыс құқығымен келiсім комиссиясының жұмысына қатыса алады.

      Комиссия шешiмдi ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келiсім комиссиясының шешiмдерi оның мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. "Жақтап" не "қарсы" берiлген дауыстар саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының даусы шешушi болып есептеледi.

      Келісім комиссиясы тиісті заңның бірыңғай мәтінін әзірлеуге ұмтыла отырып, Сенат пен Мәжіліс арасында келіспеушіліктер туындаған заң ережелерін ғана қарайды.

      Жұмыс нәтижелерi бойынша келiсім комиссиясы келiспеушiлiктердi еңсеру жөнiндегi ұсыныстар қамтылған қаулы қабылдайды, ол Мәжіліс Бюросы арқылы Мәжiлiстiң жалпы отырысының қарауына енгiзiледi.

      Өзгерістер енгізілген заң баптарының салыстырма кестесі келісім комиссиясының қаулысына қоса беріледі.

      Заңның келісім комиссиясы тұжырымдаған редакциясы тиісінше Мәжіліс пен Сенаттың регламенттерінде белгіленген тәртіппен Мәжіліс пен Сенаттың қарауына жатады.

      76-3-тармақ. Мәжіліс келісім комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мәжіліс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді.

      Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мәжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растаса, заң он күн ішінде Президенттің қол қоюына ұсынылады.

      Егер заң Мәжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.

      76-4-тармақ. Парламент қабылдаған, Парламенттің әрбір Палатасы Төрағасының қолымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкімет енгізген болса, Премьер-Министрдің қолымен алдын ала бекемделген заңдарды Сенат қабылданған күнінен бастап он күн ішінде Республика Президентінің қол қоюына ұсынады.";

      24) 76-5-тармақ алып тасталсын;

      25) 78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78-тармақ. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді ретімен әуелі – Мәжілісте, содан кейін Сенатта қарау арқылы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін талқылайды.

      Парламент Мәжілісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есебін Жоғары аудиторлық палатаның есебімен бірге талқылайды.

      Бұл мәселелерді талқылау мынадай баяндамаларды:

      Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

      Жоғары аудиторлық палата төрағасының баяндамасын;

      бас комитет өкілінің қосымша баяндамасын қамтиды.

      Әрбір сөз сөйлеушінің баяндамасы Мәжіліс Регламентіне сәйкес талқылануға тиіс.

      Талқылау қорытындылары бойынша Мәжіліс есептер бойынша қосымша баяндама дайындау тапсырылған комитетті және Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мәжілістің атынан сөз сөйлеу тапсырылған депутатты көрсете отырып, қаулы қабылдайды және оны Сенатқа жібереді.

      Сенатта Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін осыған ұқсас талқылау рәсімінен кейін Сенат есептер бойынша қосымша баяндама дайындау тапсырылған Палата комитеті мен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Сенаттың атынан сөз сөйлеу тапсырылған депутат көрсетілетін қаулыны қабылдайды және оны Мәжіліске жібереді.

      Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде және Сенатында талқыланғаннан кейін осы Регламенттің 6-тарауында белгіленген тәртіппен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.";

      26) 78-3 және 78-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "78-3-тармақ. Егер Мәжiлiс дауыс беру қорытындылары бойынша Президенттің қарсылықтарын еңсермесе, онда Президенттің қарсылықтарын Парламент Палаталарының одан әрi қарауы тоқтатылады және заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледi.

      Егер Мәжiлiс Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсінің көпшiлiк даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, онда заң Президенттің қарсылықтарымен бірге қабылданды деп есептеледі және одан әрi қарау үшiн Сенатқа берiледi.

      78-4-тармақ. Сенаттың тиiстi тұрақты комитетi қорытынды әзiрлегеннен кейiн заң немесе оның баптары Мемлекет басшысының қарсылықтарымен бірге Сенаттың жалпы отырысына шығарылады. Егер Сенат дауыс беру қорытындылары бойынша Президенттің қарсылықтарын еңсермесе, онда заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледi.

      Егер Сенат Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсінің көпшiлiк даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, онда заң немесе тиiсiнше оның баптары Парламент бiрiншi рет қабылдаған редакциясында қабылданды деп есептеледi және Президент осы заңға қол қоюға ұсынылған кезінен бастап бiр ай iшiнде қол қояды.";

      27) 78-7-тармақ алып тасталсын;

      28) мынадай мазмұндағы 91-1-тармақпен толықтырылсын:

      "91-1-тармақ. Бірлескен комиссия отырыстарын қамтамасыз етуді Парламент Палаталарының аппараттары жүзеге асырады.";

      29) 92-тармақтың төртінші бөлігіндегі "Конституциялық Кеңестiң" деген сөздер "Конституциялық Соттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 98-тармақта:

      екінші бөлікте:

      "; республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерiне сауал салуға" деген сөздер ", Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына, мүшелеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне сауал жолдауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Бас Прокурорға салынған" деген сөздер "Бас Прокурорға не құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жолданған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "салынған депутаттық сауалды қарау Палаталардың жабық отырысында" деген сөздер "жолданған депутаттық сауалды қарау Парламенттің немесе оның Палаталарының жабық отырыстарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 101-тармақтың бірінші бөлігіндегі "ол жолданған адамға келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей" деген сөздер "ол жарияланған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103-тармақ. Қажет болған кезде депутаттық сауалға берілген жауап пен оны талқылау нәтижелерi бойынша Парламенттiң немесе оның тиісті Палатасының қаулысы қабылданады. Сауал мен оған берілген жауап бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкiн.";

      33) 104-тармақтағы "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң" деген сөздер "Жоғары аудиторлық палатаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) 106-тармақта:

      алтыншы абзацтағы "шешеннiң" деген сөз "сөйлеушінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "– парламенттік пікірталастар барысында басқа депутаттардың сөзіне түсініктеме бермеуге және өз ұстанымын баяндауға;".