«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының жерлерін нысаналы мақсатта пайдаланудың жіктеуішін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 158/НҚ (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 маусымда № 9524 тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашада № 232 (27853)) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығы күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев