Кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 321 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы (Д.Е. Ергожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                              Б.Сұлтанов

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 321 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан
Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасының күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда № 1442 болып тіркелген «Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы № 54 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі № 2148 тіркелді, 2003 жылғы, № 12, 821- құжатта Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативті құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған).
      2. «Кедендік ресімдеу жөніндегі қосымша ережелер туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 237 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2306 тіркелді).
      3. «Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 215 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 474 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5086 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2008 жылғы, № 2, 307-бетте жарияланған).
      4. «Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 10 қыркүйектегі № 461 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5305 тіркелген, 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 145 «Юридическая газета» газетінде жариялаған).
      5. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Агенттігі бақылау департаменттері мен кедендерінде «Web-декларант» электронды декларациялау кешенін пайдалануға енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау Агенттігі төрағасының 2004 жылғы 15 қыркүйектегі № 385 бұйрығы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5544 тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырдағы, № 76 (1499) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
      6. «Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы 462 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 171 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6241 тіркелді, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 318 (26379) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).