«Нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментінің директоры (Ж.Ж. Данаева) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
3. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 206 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Балалар үйі қызметін ұйымдастырудың ережелерін» және «Балалар үйіне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерін» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрайымының 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 ақпандағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1221 болып енгізілді);
2. «Балалар үйі қызметін ұйымдастырудың ережелерін» және «Балалар үйіне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерін» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрайымының 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 181 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 6 наурыздағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1789 болып енгізілді);
3. «Балалар үйінің қызметін ұйымдастыру ережесі мен Балалар үйіне балаларды қабылдау және одан шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4522 болып енгізілді);
4. «Ғылыми курортология орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға медициналық бальнеологиялық қорытынды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қазандағы № 632 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5017 болып енгізілді);
5. «Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 683 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 желтоқсандағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5026 болып енгізілді.);
6. «Балалардың тағамы өнімдерін, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), сумен және тағам өнімдерімен байланыста болатын бояғыштарды, материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекеленген түрлерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 83 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 6 наурыздағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5162 болып енгізілді.).