Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі мен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 184 және Қазақстан Республикасы Экономикалық Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 226/НҚ бірлескен бұйрығы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.12.2016 № 832 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 5) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар және/немесе қорғалған байланыс желілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің желілерін қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін өзара қосу Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) арқылы іске асырылады;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов