«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Прокуратура органдары қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 135 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 430 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7352 тіркелген, 2012 жылғы 27 наурыздағы № 79-80 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Казахстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жолдасын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Бас прокуроры Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
_____________А. Дауылбаев _________________Т. Дүйсенова