Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 554 бұйрығының күші жойыл

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 7-1/322 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 463 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 18 қаңтарда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5099 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 28 мамырда № 5 жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Ғ.К. Әмрин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                     Б. Сұлтанов