Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 251 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңның 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің Орынбасары
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                                     Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
Орынбасары -   
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2014 жылғы 27 мамырдағы
№ 251 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) «Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 400 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 26 тамызда № 5290 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 қазандағы № 155 (1555) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      2) «Білім беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларын дайындау ережелерін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 388 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 9 қазанда № 5818 болып тіркелген, 2009 жылғы 23 қазандағы № 162 (1585) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      3) «Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 664 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 18 қаңтарда № 6741 болып тіркелген, 2011 жылғы 26 наурыздағы № 106-109 (26511) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      4) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 14 ақпанда № 9153 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).