"Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 251 бұйрығының күші жойылды деп тану

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 157 бұйрығы

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 18.05.2016 № 430/5 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, әлеуметтік қорғалуға және жұмыс іздестіруде қиыншылықтарды бастан кешіріп жүрген аса мұқтаж мүгедектерге қосымша кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысандарына қарамастан Ақсу қаласының ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді квота берілген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімінің міндетін атқарушы Б. Ыбыраев