"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 718 бұйрығының к

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 235 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 718 бұйрығының күші жойылсын (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізбесінде № 8333 санымен тіркелген және 2013 жылғы 17 сәуірдегі «Казахстанская правда» газетінің № 134-135 (27408-27409): 2013 жылғы 17 сәуірдегі «Егемен Қазақстан газеті» газетінің № 108 (28047) басылымында жарияланған.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                      Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация министрі
      __________________ Ж. Қасымбек
      2014 жылғы 24 сәуір