«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілеріне мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 30 наурызда № 2778 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
       2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті (Н.М. Ыбырайым) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов