Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2013 жылғы 06 тамыздағы № 06-7/112 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Қ.А. Жапақов) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімінде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және заңда белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның м.а.                               С. Ахметжанов

Қазақстан Республикасы       
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының м.а. 2013 жылғы 06 тамыздағы
№ 06-7/112 бұйрығына         
ҚОСЫМША                

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне тексеру жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 13 шілдедегі N 02-1-7/81 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1202 болып тіркелген, 2000 жылғы 6 қыркүйектегі № 39 "Юридическая газета" газетінде жарияланған);
      2) "Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiне тексеру жүргiзудің тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 13 шiлдедегi N 02-1-7/81 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 14 наурыздағы N 02-2-4/31 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1791 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" журналында жарияланған, 2002 ж., № 19, 605-құжат);
      3) "Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне тексеру жүргізудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 13 шілдедегі N 02-1-7/81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 7 сәуірдегі N 02-01-02/46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3625 болып тіркелген, 2005 жылғы 41 маусымдағы № 123-124 (24082) "Егемен Қазақстан" газетінде, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" журналында жарияланған, 2005 ж., № 15, 116-құжат).