«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту, мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабы 40-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 108 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7593 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2012 жылғы 18 мамырда № 71 (2253) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті (Ғ.Р. Әбірайымов) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзім ішінде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және бұйрықты мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментіне (Ғ.Р. Әбірайымов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның
міндетін атқарушы Н. Тихонюк