Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 23 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Әкетілетін қолма-кол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 133 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3951 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 25 қаңтарда № 11 (817) жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 22 маусымдағы № 58 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5751 тіркелген. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылғы № 9 жарияланған).
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко