Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестестендіру мақсатында, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 157, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 350 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 272 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6571 болып тіркелген), «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 20 қарашадағы № 316-317 санында жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин) бұйрықтың көшірмесін бір апта ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын және оны алдағы уақытта ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне
(Б.М. Бердалин) жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған бірінші күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.