"Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 173 бұйрығының күш

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 473 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 173 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тіркелімінде 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 3599 тіркелген, ҚР нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2005 жыл № 19, 178-бап) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С. Байсеркин) осы бұйрыққа қол қойылғанға дейін бір апта ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    С. Қайырбекова