«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 27 бұйрығының күші жойылды деп тану турал

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 08-1-1-/146 бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет
елдердегі мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 27 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 868 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта -
қаржы департаменті осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ә. Қазыханов