«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздістіру іс-шараларын жүргізетін ақпараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарды енгізу және пайдалану кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 179 және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 199-б бірлескен бұйрығының күші жойылсын деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 3187 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық
Көлік және коммуникация қауіпсіздік комитетінің төрағасы
министpi
_______________________ ________________________________
А.Қ. Жұмағалиев Н.Ә. Әбіқаев
«Келісілген»:
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
____________________
А.Қ.Дауылбаев