«Асыл тұқымдық куәлік беру ережесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 6 қарашадағы № 685 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 15-07/492 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісі көрсететін қызметтерге кемсітушіліксіз қол жеткізу ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 8 қарашадағы № 401-І бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3243 тіркелді, Заң газетінде жарияланды 2005 ж. 19 қазан, № 129(753));
      2) «Тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің, қарсы агенттердің және басқа да тұлғалардың бәсекелес кірме жолы жоқ кірме жолдардың қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізу ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 8 қарашадағы № 400-І бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3244 тіркелген. ҚР нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2005 ж. № , 38-құжатта).
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты. хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        A. Жұмағалиев