Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарын күшін жойды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 11-06/73 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына:
      1) «Бағалау қызметі субъектілерінің, бағалау принциптерімен пайдаланатын бағалау жөніндегі жұмыстарын орындау сапасына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 23 қарашадағы № 179 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2071 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж. № 3, 774-құжат);
      2) «Бағалау қызметі субъектілерінің, бағалау принциптерімен пайдаланатын бағалау жөніндегі жұмыстарын орындау сапасына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 23 қарашадағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 22 маусымдағы № 189 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2916 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және езге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж. № 37-40, 994-құжат);
      3) «Бағалау қызметі субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2076 тіркелген);
      4) «Бағалау қызметі субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 184 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 125 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2420 тіркелген) күшін жойды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3) Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі                            Б. Имашев