Қазақстан Республикасының Әділет министрiнің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрiнің 2012 жылғы 25 қазандағы № 572 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мынадай бұйрықтарының:
      1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының арнайы есепке алу бөлімдерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 210 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2973 болып тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің түзеу мекемелеріндегі және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларындағы арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын.ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 150 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1719 болып тіркелген);
      3) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері арнайы есепке алу бөлімдерінің (топтары, бөлімшелері) жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 150 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 25 ақпандағы № 65 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6130 болып тіркелген);
      4) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері арнайы есепке алу бөлімдерінің (топтары, бөлімшелері) жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 150 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 қазандағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерлі мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4456 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин) бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор.А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов