Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі 1995 жылғы 28 желтоқсанда бекіткен Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі-спорттық, ұйымдарының спорт мүлкін берудің бірыңғай тәртібі туралы нұсқаулықтың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/220 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі 1995 жылғы 28 желтоқсанда бекіткен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 6 наурыздағы № 268 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі-спорттық, ұйымдарының спорт мүлкін берудің бірыңғай тәртібі туралы нұсқаулықтың бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) белгіленген
тәртіпте бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы                      Ә. Пірметов