"Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 2 бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 216 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына, 43-1-бабының 1-тармағына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 22-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 2 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5127 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 10 маусымда № 6 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):
      1) бір апталық мерзімде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оның Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурстарда орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  А. Жұмағалиев