Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 132-ө Бұйрығы

      Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерді тәртіпке келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 3-е (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4075 болып тіркелген, 2006 жылғы 10 наурыздағы № 42-43 "Заң газетінде" жарияланған);
      2) "Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-е бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 3 шілдедегі № 157-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4310 болып тіркелген, 2006 жылғы 11 тамыздағы № 147 "Заң газетінде" жарияланған);
      3) "Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 10 қыркүйектегі № 236-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5335 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 қазандағы № 166 "Заң газетінде", 2008 жылғы 15 қарашадағы № 11 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті осы бұйрықпен таныстырылсын.
      3. Осы бұйрықтың көшірмесі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жолдансын.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   Г. Әбдіқалықова