«Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резервтер бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жазып берген шығаруға құжаттардың тізілімін беру ережесін, нысаны мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 200

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 686 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резервтер бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жазып берген шығаруға құжаттардың тізілімін беру ережесін, нысаны мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 595 бұйрығының күші күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5425 болып тіркелген, «Заң газетінде» газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін және одан кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрі                                  Б.Жәмішев