«Бағалау қызметі субъектілерінің жылжымайтын мүлікті бағалау (мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындарды қоспағанда) әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 241, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 502, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2011 жылғы 12 шілдедегі № 153-ОД және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 309 бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қазандағы № 1101 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Павлович Рауға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К Мәсімов