"Күзет қызметін, күзет сигнализация құралдарын монтаждауды, жөндеуді, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға үміттенетін заңды және жеке тұлғаларды лицензиялау жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысы және олардың қызметін тексеру жүргізу туралы нұсқа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 09 сәуірдегі № 156 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Күзет қызметін, күзет сигнализация құралдарын монтаждауды, жөндеуді, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға үміттенетін заңды және жеке тұлғаларды лицензиялау жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысы және олардың қызметін тексеру жүргізу туралы нұсқаулықты" және "Күзетшілер мен күзет бөлімшелерінің жұмыскерлерін тексеру жүргізу жөніндегі ережені" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 25 наурыздағы № 187 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 27 сәуірде № 2826 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (Қ.С. Тыныбеков):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алып тастау үшін жолдасын;
      2) мерзімдік баспасөз басылымдарында осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    С. Баймағанбетов