Байланыс саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 253 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1, 1-1-тармақтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 22-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Радиожиілік спектрін пайдалану үшін ақы төлеуге арналған хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 426-1 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2128 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 ж., № 25-26 жарияланған);
      2) «Радиожиілік спектрді пайдаланғаны үшін төлем хабарламасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 426-1 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 5 тамыздағы № 165-п бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3035 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде, 2005 ж. № 14, 59-құжат жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        А. Жұмағалиев