"Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008 жылғы 7 қарашадағы № 279 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 262 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2008 жылғы 7 қарашадағы № 279 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5388) болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар және өнімді бөлу туралы келісімдер департаменті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                   Ә. Мағауов