«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қарашадағы № 251 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 5034 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 11 қаңтардағы, № 4 (1404) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Заң департаменті (Б.Е.Қазбековке) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде мәлімет үшін жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ә. Құсайынов