"Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын кәсіптік пайдалануға рұқсат құжаттарын беру, тоқтату және олардың іс-әрекетін қайта жаңарту туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 368 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын кәсіптік пайдалануға рұқсат құжаттарын беру, тоқтату және олардың іс-әрекетін қайта жаңарту туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 72 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 наурызда № 2199 болып тіркелген, «Ресми газеттің» 2003 жылғы 1 қарашадағы № 44 (149) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ол бұрын жарияланған ресми басылымға жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Күрішбаев