Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 202 Бұйрығы

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің келесі бұйрықтарының күші жойылсын:
      1) «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 2247 тіркелген).
      2) «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 85 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 3434 тіркелген).
      3) «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы» бүйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 218 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 4193 тіркелген, 2006 жыл 12 мамырда «Заң газеті» газетінде № 84-85(1064-1065) жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Р.Ә. Тоқсеитова):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне бір апта ішінде жолдауын қамтамасыз етсін;
      2) заңнамада бекітілген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Күрішбаев