"Бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2010 жылғы 15 маусымдағы N 287 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 қазандағы N 530 Бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 287 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (N 6349 Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі                          Б. Жәмішев