Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010.11.02 N 1799 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 39 Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауылдық округінің Алғабас, Топтерек ауылдарына ұсақ малдың сарып ауруына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Қ. Төлеуғазин келісім бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
3. Күршім ауылдық округінің әкімі (Э. Тоқаевқа) шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары өнімдерін, шикізаттарын дайындау және пайдалану, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген тәртіптерді қатаң сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі А. Сеитов
КЕЛІСІЛДІ:
Шығыс Қазақстан облысының
мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
департаменті Күршім ауданы
бойынша басқарма бастығы Қ.А. Төлеуғазин