Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің РЕПО операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 5 ақпандағы N 10 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 89 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 245-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы есептілік нысандарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 10 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 61 бірлескен бұйрығының (2007 жылғы 4 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4601 нөмірмен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Республикалық бюджеттің               Қазақстан Республикасының
атқарылуын бақылау жөніндегі          Қаржы министрі
есеп комитетінің Төрағасы             _______________Б.Жәмішев
______________О. Өксікбаев