Күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2009 жылғы 12 тамыздағы № 01-01-07/134 Бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi  төрағасының "Туристiк қызметтi лицензиялауға арналған құжаттарды бекiту туралы" 2002 жылғы 9 қаңтардағы N 06-2-2/3 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1729 болып тіркелген күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризмді, спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Камзебаева Д.Ү.) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  Т.Досмұхамбетов