Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 150 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Бюджеттiк кредиттердің пайдалану тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi есептi жасау мен табыс ету ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 2 мамырдағы N 80 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4686 болып тіркелген);
      2) "Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 94 бұйрығы.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б.Сұлтанов