"Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының м.а. 2006 жылғы 9 ақпандағы № 18 бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының м.а. 2009 жылғы 19 қазандағы № 306 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Ережедерінің 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының м.а. 2006 жылғы 9 ақпандағы № 18 «Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың типтік ережелерін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға міндетін атқарушы                   А. Орман