О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 10 августа 2021 года № 321 "Об утверждении Правил формирования перечня энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов"

Приказ и.о. Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 3 июня 2026 года № 104. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 июня 2026 года № 38901

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23936 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі технологияларды іріктеуді жүзеге асыру, энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу және аукциондық сауда – саттық өткізу үшін елді мекендер тобын айқындау үшін уәкілетті органның шешімімен тізбені қалыптастыру мәселелері жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, ол төрағадан және оның мүшелерінен тұрады.

      Комиссияның құрамы оның жалпы мүшелер санының кемінде 30 пайызы мөлшерінде тәуелсіз сарапшылардың өкілдерін міндетті түрде енгізу ескеріле отырып қалыптастырылады.

      Комиссияның құрамын уәкілетті орган айқындайды.

      Комиссия құру туралы шешім уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссия құрылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендерін айқындау туралы шешім қабылдайды. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады.

      Энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендерін айқындау туралы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      Комиссия отырысы Комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті орган Комиссияның тиісті хаттамасын қоса бере отырып, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін Комиссияның энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендерін айқындауы туралы ақпаратты аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а.
Н. Шарбиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы