ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 680 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29203 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері немесе уақытша болатын жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сұранымды өңдеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің автоматтандырылған жұмылдыру ресурстары жүйесінің интеграциялық шлюзінде (бұдан әрі – ҚМ ИШ) 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жерлеуге арналған біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындалған жағдайда Қағидаларға 3, 3-1, 3-2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жіберіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 3-2-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың алтыншы, сегізінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Д. Косанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
№ ________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Өтініш берілген күні"
Жерлеуге біржолғы төлемді және біржолғы жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама
Құрметті ______________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Сізге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушының _________________________________________________ қайтыс болуына байланысты
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) жерлеуге біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындалды.
Төлем 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: _____________________________
"Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".
Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесінен берілді.
Осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 62-бабының 2-тармағына сәйкес қол қойылған қағаздағы құжатпен бірдей.
№ ________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Өтініш берілген күні"
Жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау туралы хабарлама
Құрметті ______________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Сізге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушының
_________________________________________________ қайтыс болуына байланысты
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) жерлеуге біржолғы төлем тағайындалды.
Төлем 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 6-тармағына сәйкес төлем алуға құқығы бар адамдарға біржолғы жәрдемақы төленуге тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ____________________________
"Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".
Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесінен берілді.
Осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 62-бабының 2-тармағына сәйкес қол қойылған қағаздағы құжатпен бірдей.
№ ________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Өтініш берілген күні"
Біржолғы жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама
Құрметті ______________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Сізге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушының
_________________________________________________ қайтыс болуына байланысты
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) біржолғы жәрдемақы тағайындалды.
Төлем 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: _____________________________
"Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".
Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесінен берілді.
Осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 62-бабының 2-тармағына сәйкес қол қойылған қағаздағы құжатпен бірдей.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне _____________________________________________ (бас тарту жүзеге асырылған қызмет көрсетіледі: жерлеу немесе берілетін жәрдемақы) тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Құрметті _______________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Сіздің Қорғаныс министрлігінің бағыты бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушыны жерлеуге біржолғы төлемді және қайтыс болған алушының отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыны тағайындау бойынша ______ жылғы __________ № ___________ өтінішіңізге бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.
Бас тарту себебі: ________________________________________________
(қандай негіз (негіздер) бойынша "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес қызметтi көрсетуден бас тартылатыны көрсетіледі)
Жауап берілген күні: ____________
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: _____________________________
"Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".
Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесінен берілді.
Осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 62-бабының 2-тармағына сәйкес қол қойылған қағазд