Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 17 Қаулыға қосымша |
Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15115 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттары:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Кредиттік есепте кредиттік тарих субъектісінің банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілегені не оны алып тастағаны туралы ақпарат көрсетіледі.".
2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.05.2026 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19683 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кредиттік дерекнама осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесінде көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттар мен мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) микрокредит беру туралы шарт;
2) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімдер;
3) тараптар қол қойған микрокредитті өтеу кестесі;
4) сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің нақтыланған мәнінің есептері (бар болса);
5) кепілдік немесе кепілгерлік шарты, өкiлдiң кепіл берушінің атынан кепiлдiк беру шартына немесе кепілгердің атынан кепілгерлік шартына қол қою өкiлеттiгiн растайтын құжаттар (мiндеттеменің орындалуы кепiлдiкпен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етiлген микрокредит жағдайында);
6) микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы арасындағы хат алмасу;
7) микрокредит беру туралы шарттар бойынша берешектiң толық немесе iшiнара өтелгенiн растайтын, микрокредиттi өтеу көзiн (қарыз алушы аударған не кепiл мүлкін сатудан түскен ақша) көрсететін құжаттар (немесе олардың көшірмелері);
8) кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісім алғанын растайтын ақпарат;
9) кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттік бюродан кредиттiк есептi алушыға кредиттік есептi беруге келісім алғанын растайтын ақпарат.
Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциялану болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып, субъектіні сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, микроқаржы ұйымына жеке басты куәландыратын құжаттардың қағаз тасымалдағыштағы көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салынады.".
4. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.05.2026 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. "Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Электрондық тәсілмен микрокредит берілгенге дейін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым:
1) клиентті Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына және ішкі құжаттарға сәйкес клиентті тиісінше тексеруді жүзеге асырады;
2) клиентті микрокредиттер беру қағидаларымен таныстырады;
3) клиентке микрокредитті алумен, қызмет көрсетумен және өтеумен (қайтарумен) байланысты төлемдер және аударымдар туралы толық әрі дәйекті ақпарат береді;
4) клиентке микрокредитті өтеу әдісімен танысу және таңдау үшін түрлі әдістермен (сараланған төлемдер, аннуитеттік төлемдер әдісімен немесе микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес есептелген әдіспен) есептелген өтеу кестелерінің жобаларын ұсынады;
5) клиентті микрокредит алумен байланысты құқықтары мен міндеттер туралы хабардар етеді;
6) клиенттен микрокредит беру тәсілін сұратады (клиентке терминал немесе касса арқылы қолма-қол ақша беру немесе микрокредитті клиенттің банктік шотына (төлем карточкасына) немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда сатып алынатын тауарға немесе қарыз алушының орындаған жұмыстарына, қызметтеріне ақы төлеуді көздейтін шарт жасалған заңды тұлғаның банктік шотына аудару арқылы);
7) микрокредит клиенттің банктік шотына (төлем карточкасына) берілген жағдайда, клиенттің банктік шотының деректемелерін (IBAN) және (немесе) төлем карточкасының деректемелерін сұратады.
8) кредиттік есепте клиенттің микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуын белгілеу туралы ақпараттың болуын тексереді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), және терророизмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ клиенттің микрокредит алудан ерікті бас тартуын белгілеген кезде клиентке микрокредит беруден бас тартарды.".
6. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.05.2026 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.