Об утверждении Правил использования технических средств для фиксации фактов совершения административных правонарушений и действий должностных лиц органов транспортного контроля

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 26 июня 2019 года № 436. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2019 года № 18944.

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 88-4-бабының 4-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылы 26 маусымдағы
№ 436
бұйрығымен бекітілген

Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары

1-бөлім. Жалпы ереже

      1. Осы Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әректтерін және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида), "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 88-4-бабының 4-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бақылауды жүзеге асыру бойынша әзірленді және көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Ахуалдық орталық – нақты уақыт режимінде автомобиль көлігіндегі көліктік бақылау бекеттеріне мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің құрылымдық бөлімі;

      2) интеллектуалды бақылау аспабы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, автомобиль көлігі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының типін, мемлекеттік тіркеу белгісін, жүрісінің жылдамдығы мен бағытын тіркейтін стационарлық немесе мобильдік бейнебақылау аспаптарын қамтитын интеллектуалды көлік жүйесінің құрауышы;

      3) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Көліктік бақылау инспекциясы (бұдан әрі - Инспекция) қызметкерлерінің аудиобейнежазбаны жүзеге асыруға арналған техникалық құрылғы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2021 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-бөлім. Көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалану тәртібі

      3. Инспекция қызметкерлерінің бейнежетонды тағып жүруі көлік құралдарын, сондай-ақ жүру жолында жолаушылар поезын тексере басталған сәттен бастап және аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.

      4. Инспекция қызметкері кезекшілік кезінде бейнежетонды пайдалану процесінде ондағы уақыт пен күннің нақтылығына, сонымен қатар аккумулятор батареясы қуатының жеткілікті деңгейде екендігіне көз жеткізеді.

      Бейнежетонда қойылған күні мен уақыты нақты болмаған кезде аудио және бейне жазбаларды қолдануға жол берілмейді.

      5. Жазба құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде дәлелді сапалы деректерді жинақтауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі және Инспекция қызметкерлері көлік құралын аялдама жасаған кезде немесе жүру жолында жолаушылар поезын тексере бастаған сәтінен бастап қосылады, көлік құралын аялдама жасаған кезде немесе жүру жолында жолаушылар поезына тексеру аяқталғаннан кейін өшіріледі.

      6. Бейнежетон Инспекция қызметкерінің іс-қимылына кедергі келтірмей, кеуде тұсына иық буынына жақын бекітіледі, сондай-ақ Инспекция қызметкерінің кеудесінде "Назар аударыңыз! Аудио және бейнежазба жүргізілуде" деген жазуы бар тақтайша (бейдж) тағылады.

      7. Аудио және бейнежазбаны жүргізу процесінде Инспекция қызметкерінің де, құқық бұзушының да барлық іс-қимылдарына, сондай-ақ Инспекция қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде бөгде адамдардың кедергі келтіруіне тиісті жазба жүргізіледі.

      8. Бейнежетонның істен шығуына немесе оның аккумулятор қуатының таусылуына байланысты аудио және бейне жазбаларды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, Инспекция қызметкері бұл туралы тез арада Ахуалдық орталығының кезекшісіне хабарлайды.

      9. Бейнежетонның аккумулятор батареясының қуатын толтыруды Инспекция қызметкерлері қамтамасыз етеді және тоқ көзіне кезекшілік басталар алдында және соңында тоқ қуатына қойылады, сонымен қатар жолаушы поезында жүру жолында 1 сағаттан кем емес, қажет болған жағдайда оларға демалу және тамақ ішу үшін бөлінген уақытта қойылады.

      10. Кезекшілік ауысымы кезінде бейнежетондарды қабылдау-тапсыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру журналына жазу арқылы жүзеге асырылады.

      11. Бейнежетонды есепке алу оған берілген түгендеу нөміріне сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Бейнежетонды пайдалану арқылы жазылатын аудио және бейне жазбалар деректерін есепке алу және сақтау үшін оны қабылдауды, жүктеуді қамтамасыз ету Инспекция басшысының бұйрығымен автомобиль және теміржол көлігіндегі бақылау бөлімдерінің басшыларына (бұдан әрі – бөлім басшысына) жүктеледі.

      13. Бөлім басшысы ауысым алдында нұсқама жүргізу кезінде көліктік бақылау бекетіне кезекшілікке түсетін Инспекцияның әрбір қызметкеріне, сонымен қатар, жүру жолында жолаушылар поездарын тексеру алдында түгендеу нөмірі бар электронды жеткізгіш береді (бұдан әрі - USB флеш-жинағы).

      14. Бейнежетоннан алынған аудио және бейне жазбалар Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеттің (бұдан әрі - Комитет) сұрауы бойынша ұсынылады.

      15. Бөлім басшысы Инспекция қызметкеріне Комитеттің және/немесе инспекция басшылығының жазбаша нұсқамасы болған кезде ғана аудио және бейне жазбаларды іріктеуге рұқсат береді.

      16. Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, аудио және бейне жазбаларға рұқсат тек бөлім басшысына ғана беріледі.

      17. Инспекция қызметкері:

      1) кезекшілік аяқталғанға дейін 30 минут бұрын бейнежетондағы жазбаларды ноутбук немесе көліктік бақылау бекетінің компьютері арқылы USB флеш-жинағына көшіруді қамтамасыз етеді.

      Бейнежетон жадысында бос орын жеткіліксіз болған кезде Инспекция қызметкерлері бұл туралы Ахуалдық орталығының кезекшісіне хабарлайды.

      2) кезекшілік аяқталғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей сақталған жазбаларымен бірге USB флеш-жинағын бөлім басшысына тапсыруды қамтамасыз етеді.

      18. Бөлім басшысы USB флеш-жинағының тапсырылғаны және USB флеш-жинағында сақталған аудио және бейне жазбалардың қабылданғаны және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша USB флеш-жинағында сақталған жазбалардың қабылданғаны туралы жазбаны USB флеш-жинағын тапсырудың тиісті журналына енгізеді.

      19. Бейнежетондағы, USB флеш-жинағындағы бар жазбаны өз бетімен жоюға, сондай-ақ бейнежетонды өз бетімен ажыратуға және аудиобейнежазбаны жүргізуге кедергі келтіруге жол берілмейді.

      20. Бейнежетонды және ақпараттарды пайдакүнемдік немесе қызметтік жұмыспен байланысты емес өзге де мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      21. Инспекция қызметкері бейнежетонға ұқыптап қарауға, оның жоғалуына, бүлінуіне жол бермеуге, бөгде адамдарға бермеуге міндетті.

      22. Аудио және бейне жазбаларды есепке алу және сақтау бөлім басшысына бекітіліп берілген Комитеттегі ахуалдық орталықтың кіру рұқсаты бар дербес компьютерде электрондық папкаларда хронологиялық тәртіпте жүзеге асырылады.

      23. Жазбалар мерзімі есеп жүргізілген күннен бастап 1 жыл ішінде сақталады.

      24. Бейнежетонды техникалық пайдалану зауыт-дайындаушының нұсқамасына және Комитеттің талабына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Интеллектуалды бақылау аспабын пайдалану тәртібі.

      Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2021 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Интеллектуалды бақылау аспабы автомобиль көлігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу кезінде дәлелдемелер базасын жинауға және нақты уақыт режимінде Ахуалдық орталық пен көліктік бақылау бекеттеріне қалыпқа түсірілген ақпаратты беруге арналған.

      26. Техникалық ақау (оның ішінде деректерді онлайн беру үшін байланыс арналарының сигналдарын жоғалту) жағдайында интеллектуалды бақылау аспабы деректерді автоматты режимде локальды жадта сақтайды, деректерді беру каналы ретке келтірілгеннен кейін – нақты уақыт режимін көрсете отырып, ақпаратты береді.

      27. Мобильді интеллектуалды бақылау аспабын автокөлік құралына, стационарлық интеллектуалды бақылау аспабы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына орнатылады.

      28. Әрбір интеллектуалды бақылау аспабын беру, қабылдау және ақпараттық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.

      29. Ұтқыр зияткерлік бақылау аспаптарын беру және тапсыру есебі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі, ол Инспекциялардың кеңсесінде сақталады. Журналдың парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.

      30. Интеллектуалды бақылау аспаптарын техникалық пайдалану дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

      31. Интеллектуалды бақылау аспабының істен шығуы орын алған жағдайда, Инспекция қызметкері бұл туралы тез арада Ахуалдық орталығының кезекшісіне хабардар етеді.

  Көліктік бақылау органдары
қызметкерлерінің әкімшілік
құқық бұзушылықтар және
әрекеттер жасау фактілерін
тіркеп алу үшін техникалық
құралдарды пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      Бейнежетонды қабылдау – тапсыру журналы

      ____________________________________________________________________

      (Инспекцияның атауы)

      20 __ жылғы "___" _______ басталды

      20 __ жылғы "___" _______ аяқталды

      Журналдың ішкі беті

Бейнежетонның атауы мен түгендеу нөмірі

Бейнежетонды тапсырған Инспекция қызметкерінің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) Тапсырғаны туралы қолы, күні мен уақыты

Бейнежетонды қабылдаған Инспекция қызметкерінің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) қабылдағаны туралы қолы, күні мен уақыты

Ақпараттарды көшіру күні мен уақыты

Ескерту

1

2

3

4

5

6







  Көліктік бақылау органдары
қызметкерлерінің әкімшілік
құқық бұзушылықтар және
әрекеттер жасау фактілерін
тіркеп алу үшін техникалық
құралдарды пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

      USB флеш-жинағын беру және USB флеш-жинағында сақталған жазбаларды қабылдау журналы ________________________________________________________________________________

      (Инспекция атауы)

20 __ жылғы "___" _______ басталды

20 __ жылғы "___" _______ аяқталды

      Журналдың ішкі беті

USB флеш-жинағының түгендеу нөмірі

USB флеш-жинағын беру күні мен уақыты

USB флеш-жинағын қабылдаған Инспекция қызметкерлерінің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) Қабылдағандығы туралы қолы, күні мен уақыты

Бөлім басшысының қолы

USB флеш-жинағын тапсыру күні мен уақыты

USB флеш-жинағын тапсырған адамның А.Т.Ж. (бар болған жағдайда) тапсырғандығы туралы қолы, күні мен уақыты.

Бөлім басшысы-ның қолы

Ақпараттарды көшіру күні мен уақыты және бейнежазбалардың ұзақтығы (сағат.мин. секунд)

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Ескерту: 1,2,3,4 және 5 - бағандар USB флеш-жинағын беру кезінде толтырылады, 6,7,8,9 - бағандар USB флеш-жинағын бөлім басшысына ақпараттарды көшіріп алу үшін тапсыру кезінде толтырылады.

  Көліктік бақылау органдары
қызметкерлерінің әкімшілік
құқық бұзушылықтар және
әрекеттер жасау фактілерін
тіркеп алу үшін техникалық
құралдарды пайдалану
қағидаларына
3-қосымша

Мобильді интеллектуалды бақылау аспабын беру мен тапсыруды есепке алу журналы _____________________________________________________________________ (Инспекция атауы)

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2021 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20 __ жылғы "__" _______ басталды

20 __ жылғы "__" ______ аяқталды

      Журналдың ішкі беті

Аспаптың түгендеу нөмірі

Аспапты қабылдаған қызметкердің А.Т.Ж. (бар болған жағдайда).

Қызметкеррдің аспапты қабылдау туралы қолы, күні және уақыты.

Қызметкердің аспапты тапсыру туралы қолы, күні және уақыты.

Ақпараттарды көшіру күні мен уақыты және бейнежазбалардың ұзақтығы (сағат.минут) (нақты уақыт режимінде деректерді беру мүмкіндігі болмаған жағдайда)

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе, Аспапты қабылдап алған қызметкер аспапты тапсыруды жүзеге асырылады.