"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
|
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар), "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2-тарау. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тәртібі
2. Шартты түрде шығаруға тауарларға арналған декларацияны тіркеген күні техникалық регламенттердің талаптарына тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттары жоқ, ішкі тұтыну үшін шығарылған кедендік рәсімнен өтуге орналастыруға мәлімделген төмендегі тауарлар орналастырылады:
Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімімен бекітілген бірыңғай құжаттарды бере отырып, Кеден одағы шеңберінде сәйкестікті міндетті түрде бағалауға (растауға) жататын өнімдердің бірыңғай тізбесіндегі өнімдер (тауарлар);
"Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысымен бекітілген міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесіндегі өнімдер (тауарлар);
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптары қолданылатын тауарлар;
Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің талаптары қолданылатын тауарлар.
3. Шартты түрде шығарылған тауарлардың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін растау үшін декларант сәйкестікті растау жөніндегі органдарға және (немесе) сынақ зертханаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді береді.
Шартты түрде шығарылған тауардың сәйкестігін растау рәсімінің нәтижелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар және (немесе) сынақ зертханалары шартты түрде шығарылған тауардың сәйкестігі туралы құжатты (бұдан әрі - құжат) беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Құжатты беру туралы шешім қабылданған жағдайда, аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар және (немесе) сынақ зертханалары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оларға қатысты міндетті талаптар белгіленетін Кеден одағының кедендік аумағына өнімді (тауарды) әкелу тәртібі туралы ереженің 3-тармағына сәйкес құжатты береді.
4. Техникалық регалементтер талаптарына сәйкестікті, техникалық реттеу бөлігіндегі тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін расталатын, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығаруға (шартты түрде шығару) кедендік рәсімнен өтуге орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.
5. Техникалық регалементтер талаптарына сәйкестікті, техникалық реттеу бөлігінде шартты түрде шығарылған тауарларға тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау үшін декларант кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) құжаттарды ұсынады.
Құжаттарды тіркегеннен кейін аумақтық бөлімше декларант ұсынған құжатты осы Қағидалардың 2-тармағының екінші және төртінші абзацтарында көрсетілген тауарлар үшін Сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімімен (Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 127 шешімімен бекітілген Берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібінің талаптары бойынша қалыптастырылған) және осы Қағидалардың 2-тармағының үшінші және бесінші абзацтарында белгіленген тауарлар үшін Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы декларациялар тізілімімен (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6396 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 бұйрығымен бекітілген Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидаларынының талаптары бойынша қалыптастырылған) салыстырады.
Тізілімдегі осындай құжаттар туралы (дан) мәліметтер болған кезде аумақтық бөлімше көрсетілген тауарларға арналған декларацияға мәліметтерді өзгертуді және (немесе) толықтыруды енгізу жолымен шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайды. Шартты түрде шығарылған тауарлар тауарға арналған декларацияға түзетулерді тіркеген күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауары мәртебесін алады.
6. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тауарлар шартты түрде шығаруға орналастырылған жағдайда, декларант осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мерзімде шартты түрде шығарылған тауарларға арналған сәйкестікті растау туралы құжатты ұсыну туралы міндеттемені еркін нысанда аумақтық бөлімшеге ұсынады.
7. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және (немесе) сынақ зертханалары шартты түрде шығарылған тауарлардың түрлерін ескере отырып, техникалық регламенттерде белгіленген мерзімдерде сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізеді.
8. Аумақтық бөлімше техникалық регалементтер талаптарына сәйкестігін техникалық реттеу бөлігінде тауарларды шығарғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттардың ұсыну мерзімін ұзартады.
Осы үшін декларант осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін аумақтық бөлімшеге тауарларды сәйкестікке бағалауды жүзеге асыратын сәйкестікті растау жөніндегі органдардан және (немесе) сынақ зертханаларынан техникалық ретету бөлігінде тауарларды шығарғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды ұсыну мерзімінің күнтізеблік күнінің санын және/немесе аяқталған күнін көрсете отырып, мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы хатты жолдайды.
Аумақтық бөлімше ұсынған хаттардың деректерін кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жібереді.
9. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган одан әрі техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестікті бағалау мерзімдерін ұзарту туралы хаттар ұсынған адамдар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мерзімдерді бұзған адамдар туралы мәліметтерді жібереді.