Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 136) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.11.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің баспа және электрондық түрдегі бір данасын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________Б. Сұлтанов
2017 жылғы "___" ______
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 28 желтоқсандағы 2017 жылғы № 431 бұйрығымен бекітілді |
Республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау мақсатында әзірленді.
2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) көрсетілетін қызмет – бұл республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде көрсетілетін қызмет (консалтингтік көрсетілетін қызметтер, оқыту қызметтері, біліктілікті арттыру, іскерлік байланыстар орнату) іске асырылады және тұтынылады;
2) оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қызмет көрсету процесін үйлестіруді қамтамасыз ететін ұйым;
3) операторлық шығыстар - қызмет көрсету процесін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін қажетті оператор шығыстары.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.11.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде есепке алынады.
2-тарау. Республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шаралары шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау
4. Көрсетілетін қызметтердің құны мына формула бойынша айқындалады:

мұнда:
P – көрсетілетін қызмет құны;
S – қызметтердің барлық түрлерін көрсетуге жұмсалған шығыстар сомасы;
n – көрсетілетін қызмет түрі;
Q – көрсетілетін қызметтердің саны;
T – көрсетілетін қызметтің еңбек сыйымдылығы.
5. Көрсетілетін қызметтердің санына (Q) және көрсетілетін қызметтің еңбек сыйымдылығына (T) қажеттілікті оператордың ұсынысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі айқындайды.
6. Қызмет көрсету шығыстарының (S) сомасын айқындау үшін оператор:
1) оператордың қызметтерді көрсету үшін бөгде ұйымдарды және жеке тұлғаларды тартуын;
2) жалдау ақысын;
3) коммуналдық қызметтерді;
4) материалдарды сатып алуды;
5) жұмыскерлерге еңбекақы төлеуді;
6) іссапар шығыстарын;
7) байланыс қызметтерін;
8) ғимараттарды, үй-жайларды күтіп ұстауды, оларға қызмет көрсетуді;
9) банктік қызметтерді;
10) амортизациялық аударымдарды;
11) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;
12) өзге де шығыстарды қамтитын шығыстар баптары сметасын жасайды.
7. Бөгде ұйымдарды және жеке тұлғаларды тарту шығыстары қосалқы мердігерлікке жұмсалатын шығыстарды және қайтарымды қызмет көрсету шарттары бойынша тартылатын жеке тұлғалар қызметтерінің төлемін көздейді.
Оператор ұйымды конкурстық (тендерлік) негізде айқындалады.
Қайтарымды қызмет көрсету шарттары бойынша тартылатын жеке тұлғалардың санын, яғни, тиісінше шығыстардың сомасын айқындау кезінде мыналар: көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілік, көрсетілетін қызметтің еңбек сыйымдылығы, Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарының талаптары, мемлекеттік органдардың ұсыныстары ескеріледі.
8. Жалдау ақысы бойынша қызмет көрсету үшін үй-жайларды жалдау бойынша шығыстар көрсетіледі.
9. Коммуналдық көрсетілетін қызметтер электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға, су бұруға және газға жұмсалатын шығыстарды қамтиды.
10. Материалдарды сатып алу құнын айқындау кезінде кеңсе және шығыс материалдарды сатып алу шығыстары ескеріледі.
11. Оператор жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу еңбекақы төлеуді, әлеуметтік салықты "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдарды, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын көздейді.
Бұл ретте іс-шараларды іске асыруға тартылған оператор жұмыскерлерінің еңбекақысын есептеу бюджеттік қаражат есебінен жасалған шартқа сәйкес қаражат көлеміне пропорционалды жүзеге асырылады.
12. Іссапар шығыстары ел ішіндегі, сол сияқты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын іссапарлар бойынша шығыстарды қамтиды.
13. Байланыс қызметтеріне пошта байланысы, интернет, телефония (ұялы байланыс қызметтерін қоспағанда) бойынша шығыстар жатады.
Іс-шараларды іске асыруға тартылған жұмыскерлердің операторлық шығыстарының есептеулері бюджет қаражаты есебінен жасалған шарттарға сәйкес әкімшілендірілетін сомалардың көлеміне пропорционалды жүзеге асырылады.
14. Ғимараттарды, үй-жайларды күтіп ұстау, қызмет көрсету ғимараттарды күтіп ұстау, қызмет көрсету, ғимараттар мен үй-жайларды ағымдағы жөндеу, есептеу техникасын және басқа да негізгі құралдарды ұстау, техникалық қызмет көрсету, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу шығыстарын көздейді.
15. Өзге шығыстар көрсетілетін қызметті орындаумен байланысты өзге де негізделген шығыстарды қамтиды.
3-тарау. "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы базасында шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту бойынша білім беру қызметінің құнын есептеу
16. Көрсетілетін қызмет құнын қалыптастыру ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шығындарды толық өтеуге негізделген, бұл ретте баға жүзеге асыруға жұмсалған ресурстар құнының негізінде қалыптасады.
17. Көрсетілетін қызмет құнын есептеу кезінде мыналар:
1) Бағдарлама (N) бойынша білім алушылардың жоспарланған жалпы саны;
2) оқу күндерінің жоспарланған жалпы саны (n) ескеріледі.
18. Көрсетілетін қызмет (P) құнын есептеу кезінде олардың экономикалық мазмұнына сәйкес мынадай ірілендірілген элементтер – (F) бекітілген және айнымалылар (V1 және V2), сондай-ақ әкімшілік шығыстар (А) мен салықтарды төлеуге арналған шығыстар (L) бойынша топтастырылған шығындар ескеріледі:
P = (F + V1 + V2) + A + L,
мұнда:
F – бекітілген шығыстар;
V1 – оқыту күндерінің санына байланысты айнымалы шығыстар;
V2 – бағдарлама бойынша білім алушылар санына байланысты айнымалы шығыстар;
A – жалпы шығындар сомасының 15%-нан аспайтын әкімшілік шығыстар;
L – салықтарды төлеуге арналған шығыстар, оның ішінде ҚҚС.
19. Бекітілген шығыстарға бағдарламаға қатысушылардың санына және/немесе білім алушы топтардың санына байланысты емес шығындар жатады.
Бекітілген шығыстар сомасы төмендегі формула бойынша есептеледі:
F = (B * r) + C + D,
мұнда:
B – шетелдік әріптестің көрсететін қызметінің шетелдегі валютадағы құны;
r – республикалық бюджетті жасау кезінде есептеу бағамы ретінде қолданылатын шетелдік валютаның айырбас бағамы;
C – бағдарламаны басқару шығыстары;
D – амортизациялық шығыстар.
20. Айнымалы шығыстарға бағдарламаға қатысушылардың жалпы санына және/немесе оқыту күндерінің жалпы санына байланысты шығындар жатады. Айнымалы шығыстардың сомасы төменде келтірілген формула бойынша есептеледі:
V1 = E + О + G
V2 = H + I,
мұнда:
E – есептеу n * (техникалық қолдаудың көрсетілетін қызметтер тарифі) формуласы бойынша жүргізілетін оқытуды техникалық қолдауға көрсетілетін қызметтер құны;
О – есептеу n * (пайдалану қызметтерінің тарифі) формуласы бойынша жүргізілетін оқытуды ұйымдастыруға тартылған аудандарға қызмет көрсетуге арналған пайдалану шығыстары;
G – есептеу n * 2 * (аудармашы көрсететін қызметтердің 1 күнгі құны) формуласы бойынша жүргізілетін оқыту кезіндегі ілеспе аудармаға арналған шығыстар;
H – есептеу (N + 2 оқытушы) * 3 * (1 адамға келетін тамақтану құны) формуласы бойынша жүргізілетін оқыту кезінде қатысушылар мен оқытушыларды тамақтандыруға арналған шығыстар;
I – есептеу N * (үлестіру материалдарының 1 жиынтығының құны) формуласы бойынша жүргізілетін үлестіру материалдарының құны.